Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады

Автор: Аян Бекжанұлы

Болжам бойынша тұрақсыз ауа райы болады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни қараша айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Болжамға сәйкес, қараша айының соңында тұрақсыз ауа райы болады.

«Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», - делінген синоптиктер болжамында.