Ол теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды
Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.
Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі фактіні растады.
«Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі негізде іс-шаралар жүргізуде. ҰҚКД ПД-нің ӨҚБ-мен бірлескен жедел-тергеу шаралары барысында заңсыз іс-әрекеттері үшін қызметкерді ұстады. Ол теріс қылықтары үшін ішкі істер органдарынан шығарылды», - делінген ПД хабарламасында.