Оралда өз-өзіне қол жұмсамақ болған 21 жастағы қыз құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды

Фото: t.me/qr_tjm

Оралда Шаған өзеніне секіріп кеткен 21 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне 25 қарашада 21 жастағы қыздың Орал қаласындағы Шаған өзенінің көпірінен секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары дереу жетті.

«Қызды өзеннен шығарып, құтқарушылар оған психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.