Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан анасы мен екі жасар ұлы тірідей жанып кетті

Автор: Аян Бекжанұлы

Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешкі уақытта болған

Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Жамбыл облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында жол апатынан 23 жастағы әйел адам екі жасар ұлымен бірге қақтығыс салдарынан болған өрттен көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 24 қараша күні кешкі сағат 20:50-де Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 369 шақырымында болды.

«Тараз қаласына бет алған «ВАЗ 2114» және BMW көліктері жол жиегінде тоқтап тұрған кезде, Mercedes маркалы автокөліктің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, артынан келіп соқтығысқан», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.

Апат салдарынан BMW көлігі өртеніп кетті. Оқыс оқиғадан 23 жастағы жүргізуші мен оның екі жасар ұлы сол жерде қаза тапқан.

Мерседес көлігінің рулінде отырған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр