Үкімет басшысы қаулыға қол қойды
Қазақстанда 2025 жылы запастағы 915 офицер әскери қызметке шақырылады. ҚР Үкіметінің тиісті қаулысына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжаттың мәтіні Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің порталында жарияланды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулы мәтінінде.
Оған сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны жарияланды:
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.