Олардың жартысына жуығы жер үйлерде болған
Астанада жыл басынан бері 635 өрт оқиға болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта қалада ТЖД-ның арнайы топтары өртке қарсы датчиктер орнатумен айналысып жатыр.
«Жыл басынан бері елордада 635 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 255-і жеке тұрғын үй секторларында болды. Сондықтан жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі ерекше бақылауда. Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайынғы жоспар құрып, алдын алу шараларын жүзеге асыруда. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарымен, оның ішінде жатақханаларда және жеке тұрғын үй секторларында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Астана әкімдігінің қолдауымен оларға арнап көміртегі тотығы датчиктері сатып алынды. Оларды біз қаланы аралау барысында орнатып жатырмыз. Астанада барлығы 1500-ден астам әлеуметтік осал отбасы тұрады», - дейді Астана ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Мырзагелдиев.