Түркістан облысында адасып кеткен балықшылар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Фото: t.me/qr_tjm

Түркістан облысында адасып кеткен балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Түркістан облысы Шардара су қоймасында 1944 және 1953 жылы туған екі адам үрлемелі қайықпен түнгі балық аулау кезінде бағдарын жоғалтып, адасып кеткен.

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында балықшылар жағаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ барлық азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.