Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ
Түркияның Анталия қаласындағы әуежайына қонған ұшақ отқа оранды. Бұл туралы AirportHaber порталы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртке оранған ұшақ ресейлік «Азимут» әуе компаниясына тиесілі.
«Анталия әуежайына қонған ресейлік «Азимут» авиакомпаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 типті жолаушылар ұшағының қозғалтқышы өртенді», - деп жазды портал.
Оқиғаға байланысты әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды. Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, ал өрттің себебі анықталуда.