Қазақстан құрамасы шорт-тректен Италияда өткен турнирде үш медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирі Италияның Бормио қаласында өтті

Фото: instagram.com/qaz.iceteam

Қазақстан құрамасы шорт-тректен Италияның Бормио қаласында өткен Alta Valtellina Trophy халықаралық турнирінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде біздің құраманың қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Нұртілек Қажығали 1000 метр қашықтықтағы жарыста жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ, ерлер командасы эстафетада үздік нәтиже көрсетіп, турнирді бірінші орынмен аяқтады.

500 метр қашықтықта Валерий Клименко күміс медаль иеленіп, екінші нәтиже көрсетті.