Барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді
Жетісу облысында республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың 24 қарашасында сағат 15:30-дан бастап Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының Көктұма станциясынан Достық ауылына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді», — деп жазылған хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» мамандары ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және сапардан уақытша бас тартуға шақырады. Жүргізушілерге сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйі туралы ақпаратты тексеру ұсынылады.