Оқиға қарауылдық қызметті орындау кезінде болған
Ақтөбе облысында Павлодардан шақырылған мерзімді әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға қарауылдық қызметті орындау кезінде болған. Әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан өз-өзіне оқ атқан.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялануға жатпайтыны айтылды.