Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын кең ауқымды антициклон жүреді.
Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, еліміздің оңтүстік бөлігінде жел екпін алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Түркістан облысының тау асуларында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады.
Астанада күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -10...-12°С, күндіз: -1...-3°С.
Алматыда күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 0-5 м/с, күндізгі екпіні - 8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +5...+7°С.
Шымкентте күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -1...+ 1°С, күндіз: +11...+13°С.