Ақмола облысында жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт тоғыз күннен бері табылмай жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өз үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ақмола облысында жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт тоғыз күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД мәліметінше, Ақмола облысында Макинка ауылының тумасын іздестіру жұмыстары әлі де жүргізілуде.

«2000 жылы туған Рябко Андрей Андреевич а.ж. 14 қараша күні өз үйінен шығып хабар ошарсыз кеткен, осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жақын маңдағы шалғай учаскелері, дала аумақтары мен орман алқаптары тексеріліп жатыр», - делінген ПД хабарламасында.