Танымал блогер Дәмелі ата-анасымен Умраға барғанын көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол қасиетті қалаларға бару арманы болғанын айтты

Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер Damelya Sweet хиджап киіп, ата-анасымен бірге Мекке, Медина қалаларына барғанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Блогер Instagram желісінде жариялаған видеосында қасиетті орындарға бару арманы болғанын айтты.

«Жаратқанның шақыртуымен ата-анам қасиетті мекендерге қадам басты. Шынымды айтайын, бұл туралы армандадым. Жұғысты болсын!» - деп жазды Дәмелі Бектұрсынова.

Желі қолданушылары блогерге жылы лебіздерін білдірді.

«Алла қабыл етсін дұға тілектеріңізді», «Ниеттеріңіз қабыл болсын!», «Бізге де ата-анамызбен Меккеге бару жұғысты болсын», - деп жазды желі қолданушылары.