Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты шұғыл тапсырма берді
Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын», - деп жазды Берік Уәли парақшасына.