Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы компания акционерімен энергетика саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президентке «Лукойл» атқарған жұмыстардың нәтижелері мен болашақ жоспарлары туралы мәлімет берілді.

«Кездесуде өзара мүдделі ықпалдастықтың перспективті бағыттары қарастырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» сияқты ірі компаниялармен ынтымақтастықтың тұрақты дамуы энергетика саласын жаңғыртуға және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға септігін тигізетінін айтты», - делінген хабарламада.