Павлодар облысында көлік қаққан адам тіл тартпай кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға кешкі уақытта болды

Фото: istockphoto.com

Ақсуда 19 қараша күні кешкі уақытта адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға сағат 21:45-те Ақсу қаласының Алғабас ауылына кіре берістегі Атамекен-Ертіс-Русская поляна тас жолының төртінші шақырымында болды.

Lifan X60 (215800) маркалы көліктің жүргізушісі жол бойында тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ауыр жарақат алған адам оқиға орнында тіл тартпастан кетті.

«Оқиға фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Автомашина мамандандырылған тұраққа қамалды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.