Фотода екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстардың символы іспеттес жылы жүздесудің сәті көрініс тапқан
Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге түскен фотосуретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстандық әлем жұлдызы Будапештте», - деп жазды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Виктор Орбан.
Фотода екі ел арасындағы достық пен мәдени байланыстардың символы іспеттес жылы жүздесудің сәті көрініс тапқан.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға келді. Сапар аясында тараптар саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.