Сот оны өз қызметін тиісінше орындамағаны үшін кінәлі деп тапқан
Атырау қаласының № 2 соты өз уәкілеттіктерін тиісінше орындамаған «Атырау мұнай өңдеу зауытының» бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық іс қарап, оған 2 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау соттарының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл адам мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеті бола тұра, зауыттағы жүйелерді өздігімен жөндей алса да тендер жариялаған. Тендерге шамамен 2 млрд теңге негізсіз қаражат бөлген.
«Бұл адамға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімі өтіп кеткен. Бірақ, одан мемлекет пайдасына шамамен 2 млрд теңге залал өндірілді», - деп хабарлайды Атырау соттары.