Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс: бизнес қаржыландыру үшін 11 жоба таңдалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ғалымдардың ірі кәсіпорындармен нақты жұмысының нәтижесі белгілі болды

Фото: Azattyq Rýhy

Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекет басшысы қойған ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту міндеттерінің іске асырылу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Университеттер, ғылыми институттар мен өнеркәсіп арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа форматы ретінде хакатондар таңдалды. Ғалымдар мен зерттеушілерден құралған топ кәсіпорындарға барып, өндірістік циклді толық зерттейді, ғылыми-техникалық тапсырмаларды қалыптастырады.

«Тау-кен металлургия саласының алпауыт кәсіпорындарымен ірі 6 хакатон өткізілді. 30-ға жуық ғылыми-зерттеу институты мен жоғары оқу орындарынан 200-дей ғалым қатысты. Нәтижесінде, шамамен 80 ғылыми-техникалық тапсырма тұжырымдалды. Комиссия отырысына нақты 11 жобаны шығарамыз. Осылайша, биылғы жалпы ғылыми-техникалық тапсырмалардың 10%-ы ірі кәсіпорындармен нақты жұмыс нәтижесіне негізделген. Президент жанындағы жаңартылған Ұлттық Ғылым академиясының жұмысқа қосылуы өте маңызды. Ғылыми-техникалық тапсырманы талдау мен сараптауды Ғылым академиясы да жүргізеді. Бұл тапсырмалардың барлығы да өте қатаң іріктеуден өтті. Барлығы 653 өтініш түсті. Комиссия қарауына тек 113-і өтті», — деді Саясат Нұрбек.