Оқиға 18 қараша күні таңғы уақытта болған
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Кәмелетке толмаған қыз баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында қыз баланың Nest Grand тұрғын үй кешенінің аумағына шамамен 17 қараша күні Шаляпин көшесінен кіреберіс арқылы кірген. Одан кейін өзгелердің күдігін тудырмай, 6-шы блокқа кірген.
Келесі күні таңертең, 18 қарашада кәмелетке толмаған қыз бала ғимараттың жоғарғы қабатынан секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Жасөспірімнің бұл тұрғын үй кешенінде тұрмайтынын да түсіндірді.
«Осы факті бойынша Әуезов аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - делінген ПД хабарламасында.