Экс-әкім осыған дейін өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ұсталған
Алматы облысының Іле ауданының жаңа әкімі болып Қайыржан Жақсымбетов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайыржан Серікбайұлы 1975 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, ал 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Жамбылагропромстрой» АҚ құрылыс учаскесінің бригадирі қызметінен бастаған.
Әр жылдары түрлі жауапты лауазымдарда жұмыс істеді:
Айта кетейік, 4 қыркүйек күні Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевтың қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ұсталғаны хабарланған болатын.