$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тұман және көктайғақ: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі

Тұман және көктайғақ: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

Синоптиктердің болжамы бойынша, 19 қарашада еліміздің көптеген өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірле жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және орталықта қар жауып, боран соғады, желдің екпіні күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.Түнде және таңертең оңтүстікте, орталықта тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 19 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Ақтөбе облысы

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ: 19 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Күндіз Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ.: 19 қарашада тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркістан облысы

Күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15- 20 м/с.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ: 19 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 19 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысы

Семей қаласы бойынша күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Серіктес жаңалықтары