Ол ресми түрде растады
Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатеринамен де ажырасып кеткенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ол өзінің ресми Instagram парақшасында жазды.
«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз», - деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Әнші Instagram парақшасының дәл осы жарияланымына пікір жазу құқығын шектеп қойды.