Желдің жылдамдығы тұрақты түрде сағатына 195 шақырымға дейін жеткен
Ман-Йи тайфуны Филиппиннің басты аралы Лусонға екінші рет соққы жасады. Синоптиктер адам өміріне қауіпті нөсер жаңбыр мен қатты жел болатынын ескертуде, леп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекеттік метеорологтардың мәліметінше, Ман-Йи алғаш рет сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 21:40-та ел шығысындағы Катандуанес аралына жеткен. Желдің жылдамдығы тұрақты түрде сағатына 195 шақырымға дейін болған.
Алғашқы ескертулерден кейін 1 миллионнан астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Ман-Йи Филиппинге бір ай ішінде соққан алтыншы тайфун болды. Бұған дейінгі бес дауылдың салдарынан кемінде 160 адам қаза тапқан.
Катандуанес аралына тиген тайфун ағаштарды құлатып, бірнеше ғимараттарды қиратып, электр желілерін үзіп өтті.
Филиппин ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тайфун өзінің қуатын жоғалтпай, Аврора провинциясының жағалауына жетіп, Лусон аралын кесіп өтті. Кейбір аудандарда жел екпіні сағатына 305 шақырымға дейін жеткен.
Ман-Йи тайфунының әсерінен Лусон аралының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Ел астанасы Манила (шамамен 15 миллион адам тұрады) тайфунның тікелей жолында емес.