Турнир осымен төртінші рет өткізіліп отыр
Мәскеуде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан турнир өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Жарыс шаһардағы ең ірі «Динамо-Арена» алаңында жүрді. 3 күнге созылған сайыста Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь пен Ресейден 14 жасқа дейінгі 124 жеткіншек бақ сынады.
Турнир Мәскеу үшін шайқаста асқан ерлік көрсеткен Панфилов жауынгерлерін еске алу күніне орай осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Ол жыл сайын Ресей қазақтарының мұрындық болуымен ұйымдастырылады.