$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде студент бірнеше жасөспірімді ұрып-соғып, тонап кеткен

19 жастағы студент жасөспірімдерді алдап пәтерге шақырған

Ақтөбеде студент бірнеше жасөспірімді ұрып-соғып, тонап кеткен
Фото: © istockphoto.com

Ақтөбеде 19 жастағы студент жасөспірімдерді алдап пәтерге шақырып, ұрып-соғып, ақшаларын тартып алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Автомобиль-жол колледжінің төртінші курс студенті Түргенев көшесіндегі жалдамалы пәтерінде болған. Ол таныс қызының телефонын алып, бір жасөспірімге хабарлама жіберген. Өзін Даша есімді қыз ретінде таныстырып, қонаққа шақырған. Компьютерлік клубта болған жасөспірім досымен бірге баратынын айтады.

Көрсетілген мекенжайға келген жасөспірімдерді студенттің таныс қызы қарсы алып, пәтерге кіргізеді. Кейін студент кіріп келіп, жасөспірімдерге не себепті оның үйінде жүргенін айтып, айып таққан. Оларды ұрып-соғып, ақша талап еткен. Қорыққан жасөспірімдер оған шамамен 30 мың теңгені қосымша арқылы аударған.

Оқиға белгілі болғаннан кейін студент сот алдында жауап берді. Ол келтірілген залалды өтегенімен, зардап шеккендер оған ешқандай талап қоймағанымен, сот оны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Студентке бірқатар шектеу қойылды: оған ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынады, ал оқу немесе жұмыс уақытынан кейін міндетті түрде үйінде болуға тиіс.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары