Тұман және көктайғақ күтіледі: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Автор: Дулат Асель

Солтүстік аймақтарда аяз сақталады

Фото: depositphotos.com

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік аймақтарда аяз сақталса, оңтүстікте күн жылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Атырау облысы

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі

Ақтөбе облысы

Түнде Ақтөбе облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Орал қ.: 17 қараша түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

17 қарашада сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 17 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 17 қарашада түнде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 17 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.