Парижде мейрамхана қызметкерлерін кепілге алған ер адам ұсталды

Автор: Дулат Асель

Күдікті мейрамхана иесінің ұлы болып шыққан

Фото: © РИА Новости / Жюльен Маттиа

Францияның Исси-ле-Мулино қаласында мейрамхана қызметкерлерін кепілге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

«Кепілдегілер босатылды, ал қаскөй құрықталды», – делінген хабарламада. 

Оқиға сенбі күні күндіз Париждің шет ауданында болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам мейрамхана ішінде мекеме оның қызметкерлерін кепілге алған. 

Figaro газетінің дерегіне сүйенсек, күдікті – аталған мейрамхана иесінің ұлы. Ол қолында пышағы бар екенін айтып, 3-4 қызметкерді ұстап отырған және суицид жасауға оқталмақ болған. 

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Күдікті туралы қосымша ақпарат жарияланбады.