Жоба Қазақстанның халықаралық логистикалық жүйедегі орнын нығайтуға бағытталған
Маңғыстау облысында Каспий жағалауындағы алғашқы контейнерлік хабтың құрылысы басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жобаны «Ляньюньган порты» компаниялар тобы мен Ақтау теңіз сауда порты бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Жоба Қазақстанның халықаралық логистикалық жүйедегі орнын нығайтуға және елдің көлік-логистикалық әлеуетін кеңейтуге бағытталған.
«Хабты іске асыру арқылы контейнерлерді Каспий бойынша Әзербайжан, Грузия, Түркия арқылы тасымалдау көлемі артады. Сонымен қатар Қытайдан Еуропаға бағытталған транзиттік жүктердің бір бөлігі қайта бағдарланады», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Хаб құрылысын салу үшін 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылған, ал қазіргі уақытта жерді дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Контейнерлік хаб құрылысы 2025 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр.