Ақмола облысында алтынды заңсыз өңдеген екі цех анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: depositphotos.com

Ақмола облысының полицейлері Заводской ауылында алтын құрамды материалды заңсыз өңдейтін екі шағын цехты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оперативті-іздестіру және рейдтік іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары жалпы көлемі:

  • 6 ұсақтағыш қондырғы,
  • 7 электр қозғалтқыш,
  • 2 жуатын үстел,
  • 30 қап алтын құрамды материал тәркіледі.

Заңсыз жабдықтардың иелері Заводской мен Степногорск қалаларының тұрғындары екені анықталды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін ірі көлемде айыппұл салу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.