Шығыс Қазақстанда көпбалалы отбасыны себепсіз тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Сот шешімімен отбасы қайта кезекке қойылды

Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасы үй кезегінен себепсіз шығып қалған. Олар сотқа арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа шағым түсірген ер адам өзінің көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрғанын, бірақ еш себепсіз кезектен шығып қалғанын жеткізген. 

Талап-арыз Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің үстінен берілді.

«Сот мән-жайды тексере келе, отбасын мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінен алып тастауға заңды негіз жоқ деген қорытындыға келді.Талапкердің көпбалалы отбасы екендігі іс материалдарымен расталды. Сот шешімімен отбасы қайта кезекке қойылды», - делінген ақпаратта.