Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол осыған дейін аппарат басшысы болған

Фото: primeminister.kz

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне Рахымжан Исақұлов тағайындалдыдеп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рахымжан Ержанұлы Исақұлов өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген Үкімет қаулысында.

Ол 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 

Роял Холлоуей Лондон университетін, Бедфорд Нью колледжін, Жапонияның Ұлттық аспиранттар саяси зерттеулер институтын бітірген.

  • Еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастады.
  • 2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігінде Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің консультантынан бастап Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторына дейін түрлі лауазымды қызметтер атқарды.
  • 2018-2020 жылдары – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2020-2023 жылдары – Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы.
  • 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.