Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1199 адам вирус жұқтырды
Коронавирус жазылып шыққандарға да зардабын тигізеді. Инфекция өкпені, бүйрек, бауыр, жүрекпен қоса, миды зақымдайды. Сондай -ақ өкпеде тіннің фиброзды ошақтары кейпіндегі өзгерістер пайда болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігі.
«Кез келген вирустық инфекцияда, соның ішінде COVID-19 дың ауыр түріндегі жағдайында, өкпенің қабынуы байқалады . Өкпенің кез келген қабыну ауруынан кейін тіннің фиброзды ошақтары кейпіндегі өзгерістер пайда болады. Осының салдарынан өкпенің өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігі төмендейді. Осыған қарап, коронавирус инфекциясының із-түссіз өтпейтініне көз жеткізуге болады. Жазылып шыққан адамдардың бір-екі жылдан кейін жағдайлары қалай болатыны белгісіз. Сондықтан қауіпті инфекцияға немқұрайлы қарамау керек. Сіз тек санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, өз ағзаңызды сақтап қала аласыз. Бетперде тағып, антисептик қолданғаныңыз абзал» - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
КВИ жұқтырған науқастар инфекционистер, пульмонологтар және кардиолог мамандардың қадағалауында. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1199 адам вирус жұқтырды, оның ішінде 578 адам жазылып шықты, 5 адам қайтыс болды.