230 мың долларды қолды еткен: Қазақстан азаматы Грекияда қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бухгалтер болып жүргенінде қомақты қаражат ұрлаған

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Грекиядағы Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz Telegram-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, күдікті 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінің бухгалтері болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.

«Қазіргі уақытта ұсталған адамды Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр», - делінген хабарламада.