Шымкентте көлік жөндеу орталығынан өрт шығып, бір жігітті күйік шалды

Автор: Azattyq Rýhy

Өрт кезінде 1 жеңіл автокөлік және 3 мотоцикл жанып кеткен

Фото: depositphotos.com

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру есептоптары отпен қамтылған ғимараттан 50 литрлік газ баллонын жедел шығарып, өртті 70 шаршы метр алаңда сөндірді.

Өрт кезінде 1 жеңіл автокөлік және 3 мотоцикл жанып кеткен.

«Өртті өздігінен сөндіруге тырысқан 2007 жылы туған жас жігіттің қолын күйік шалып, ол медициналық көмекке жүгінді», - делінген хабарламада..

ТЖМ егер алғашқы бірнеше минут ішінде өртті сөндіре алмасаңыз, одан әрі онымен күресу пайдасыз ғана емес, өмірге қауіп әкелетінін еске салады.