Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының көп бөлігінде қар жауады.

Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.