Оқиға салдарынан 1991 жылы туған жігіт ауруханаға жатқызылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекетінде газ-ауа қоспасының тұтануы кейіннен жануына әкеліп, жалын жақын орналасқан 2 қабатты ғимаратқа көшкен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өрт сөндірушілер жақын жерде тұрған бензині бар 20 тонналық резервуарды жоғары температурадан жарылуының алдын алу үшін сумен салқындата отырып, 360 шаршы метр аумақтағы өртті жойды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға нәтижесінде 1991 ж. т. ЖМҚС қызметкері ауырлығы орташа дәрежеде ауруханаға жатқызылды.