Футбол: Қазақстан құрамасы Австриядан жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында ойнау мүмкіндігінен айырылды

Бейнеден кадр

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының екінші дивизионының топтық кезеңінде төртінші рет жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен Австрияға қарсы ойын 2:0 есебімен аяқталды.

Станислав Черчесовтың шәкірттері ойынның 15-минутында қақпаға гол жіберіп алды. Ойынның 23-ші минутында «Астана» қорғаушысы Александр Марочкин қызыл карточка алды. Осыдан кейін неміс «Фрайбург» шабуылшысы Михаэль Грегорич айып соққысынан гол кіргізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы топтағы төртінші орынды сақтап қалды және Ұлттар лигасында ойнау мүмкіндігінен айырылды.