Кездесуде Астанада өтетін ҰҚШҰ отырысы талқыланды
ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусовпен кездесті. Тараптар Астанада өтетін кездесуді талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тасмағамбетовтің Ресей қорғаныс министрімен кездесуі 13 қарашада өтті.
«Кездесу барысында ұйым аясындағы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және оны дамыту перспективалары, сондай-ақ Астанадағы Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына дайындық талқыланды», - деп хабарлады ұйым.