Алматыда ірі көлемде мефедрон есірткісін өндіретін жасырын зертхана табылды

Автор: Аян Бекжанұлы

Күдікті қолға түсіп, қамауға алынды

Фото: ҰҚК

Алматы қаласында ірі көлемде синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК мәліметінше, психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 7 кг-дан астам дайын және 30 литр «мефедрон» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ҰҚК хабарламасында.