Қарағанды облысында өз бетімен жағаға жете алмай қалған балықшылар құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларға медициналық көмек қажет болмады

Фото: depositphotos.com

Қарағанды облысында өз бетімен жағаға жете алмай қалған балықшылар құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, Балқаш көлінің жағасынан 22 шақырым солтүстік-шығыс бағытта қайықтың ақаулығынан екі балықшы өз бетінше жағаға жете алмай қалған.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары көрсетілген координаттар бойынша дереу шықты. 

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында құтқарылған балықшылар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада.