$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте жоқ брендтік заттарды қомақты ақшаға сатқан алаяқтар ұсталды

Қазір олар қамауға алынды

Шымкентте жоқ брендтік заттарды қомақты ақшаға сатқан алаяқтар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Шымкентте жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар қолға түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған. Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтан төлеу шотын жіберу арқылы алған.

Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. «Киберпол» бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

«Онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау керек; бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз; ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары