Ол заң бойынша реттеледі
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева еліміздегі анимациялық фильмдердің түйтілді мәселесін көтерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір бізде аудармашылар жоқ деген проблема тұрған жоқ. Қағазбастылықты жою туралы айтып жатырмыз, барлық норма заң бойынша реттеліп, нақтыланды. Ол талаптар өте жоғары болғандықтан, бүгінде бірде-бір компания дубляж жасайтын конкурсқа қатыса алмай отыр. Біз қазір оны заң бойынша алып тастап, министрліктің қосымша актілері бойынша реттемекпіз. Осылайша, талаптарды жеңілдетпекпіз. Олар бізсіз де жақсы өнімдер жасап жүр. Бірақ кедергілер үшін конкурстарға қатыса алмай отыр», - дейді Балаева.
Министрдің айтуынша, бүгінде нарықта сериалдық өнімдер дамып, дубляж жақсы деңгейде қалыптасқан.