«Ниетім басқа болды»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол халық оның сөзі үшін қорды айыптап жатқанын жеткізді

Фото: видеодан скриншот

«Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора осыған дейін Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермелегенін айтып, басы дауға қалған болатын. Енді ол осы сөзі үшін марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымгың қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», - дейді Елжас Шора.

Осыған дейін қордың еріктісінің жазбасын Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сынаған еді.