Бокстан Азия чемпионаты Таиландта өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді

Фото: depositphotos.com

Азия бокс конфедерациясы 2024 жылғы Азия чемпионатының өткізілетін орны өзгергені туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінш, турнир алғашында Иорданияның Амман қаласында өтеді деп жоспарланған. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді деп өзгертілген.

Жарыс бұрын белгіленген күндерде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Айта кетейік, соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.