Алматыда төбелес кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: depositphotos.com

Алматыда мейрамхана маңында төбелес болып, полиция қызметкері пышақ жарақатын алды. Желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, «Pegas» кафесінің маңында төбелес болып, салдарынан қызметтен тыс жүрген полиция қызметкері пышақ жарақатын алған. 

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

«Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.