17.05.2020 жылғы мәлімет
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: олардың 1-уі Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-уі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған»,- делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.