«Ата-ана құқығынан айыру»: Бишімбаев тағы да сот алдында жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-ана құқығынан айырғысы келеді

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Елордалық сотта Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram парақшасында сотта өзінің суретін жариялады.

AMP
Фото: Instagram/nazymkakharman

«6,5 жыл бұрын қалалық сотта Бишімбаевтың бірінші ісі бойынша апелляциялық шағым болған. Ол кезде мен оны қорғадым. Бүгін де апелляциялық шағымда отырмын, бұл жолы оған қарсымын!»

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.