Алматы облысында ауылдасының 14 бас жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды
Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген
Алматы облысында ер адам ауылдасының 14 бас жылқысын жайылымнан ұрлап кеткен. Жамбыл ауданының полицейлері күдіктіні Ақсеңгір ауылынан ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 млн теңге.
«7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 бас жылқының жоғалып кеткені туралы шағым түсірді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың жартысы қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр», – деді Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.